ҚР ҒЖБМ Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары (№03)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
504960
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Өзі жетекшілік ететін басқармалардың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыруға; Департамент туралы қолданыстағы ережеге сәйкес және Департамент басшылығы қойған басымдықтар бойынша жұмысты ұйымдастыруға; Өзі жетекшілік ететін басқармалардың іс қағаздарын ұйымдастыруды бақылауға; республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оны заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етуге; Министрліктің барлық бөлімшелерінің – бюджеттік процеске қатысушылардың бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыруға; ведомстволық бюджет комиссиясының отырысына шығарылатын материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуді және оларды одан әрі бекітуді қамтамасыз етуге; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етуге; Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру және Министрліктің бюджеттік өтінімін пысықтауға қатысуға; «Атамекен» ҰКП және монополияға қарсы органда Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетті іске асыру туралы шешімінің жобасына Министрліктің ұсыныстарын дайындауды және келісуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етуге; қажет болған жағдайда шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеу және қарау және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге енгізуге; Министрліктің әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етуге; Министрліктің ведомстволық бюджеттік комиссиясының қызметін осы алқалы орган туралы Ережеге сәйкес бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге; бюджетті жоспарлау және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ тиісті кезеңге арналған бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және түзету мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жұмысын үйлестіруге; Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрліктің бюджетін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыруға; Министрлік басшылығына бюджеттік жоспарлау процесін, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізуге; құзыреттер шеңберінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі, бұлтты құжат айналымы (БҚА), Е-өтініш, Е-құжат және өзге де Ақпараттық жүйелер арқылы жұмыс жүргізуге; студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша жоба операторының жұмысын үйлестіруге; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жауаптар жасауды және ұсынуды қамтамасыз етуге; студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру операторының қызметі бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қарауға; Өзі жетекшілік ететін басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сапасын бақылауды және сақталуын қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде ғылым, жоғары білім беру, мемлекеттік тілді дамыту саласындағы ұлттық жобаларды Министрліктің даму жоспарын және өзге де стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысуға; Министрлік басшылығына ғылымның, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, мемлекеттік тілді дамытудың жиынтық бюджеті бойынша анықтамалық материалдар дайындау және ұсынуға; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру, әлеуетті инвесторлармен келісімдерге (алдын ала шарттарға) қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, бюджеттік өтінімді дайындауға; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі бюджеттік жоспарлау және инвестициялық саясат мәселелері жөніндегі департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын дайындауға, заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің жобаларын қарауға және келісуге қатысуға; студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері бойынша орындалған жұмыстар актілерін мемлекеттік сатып алу порталында қарау және келісуге; өз құзыреті шегінде Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
m.tilegenova@sci.gov.kz
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61