ҚР ҒЖБМ Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Корпоративтік даму және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департаменттің ережесінде көзделген басқарманың міндеттері мен функцияларын орындау шеңберінде Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлауды жүзеге асыруға. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізуге әдіснамалық қолдау көрсетуге; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізу мониторингін жүргізуге; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітуге қатысуға; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге қатысуға; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар кеңесі, қадағалау және қамқоршылық кеңестері отырыстарының күн тәртібіне шығарылатын мәселелерді қарау бойынша жұмысты үйлестіру; Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының Директорлар Кеңесі мен  Байқау кеңестерінің мүшелерінің өкілеттектерін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша мәселелерді шешуге қатысу; Корпоративтік басқару мәселелері бойынша ғылым және жоғары білім саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын, баяндамаларды дайындауды жүзеге асыру; Министрліктің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жылдық қаржылық есептілігін қарауға және бекітуге қатысу; Министрліктердің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының, акционерлік қоғамдарының, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің даму жоспарларын, олардың орындалуы жөніндегі есептерін, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторингті қарауға және бекітуге қатысу; Республикалық мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім беруге; Республикалық мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға; Республикалық меншік объектілерін түгендеу және жекешелендіру мәселелеріне қатысуға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2023 – 18.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 40 Мб

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61