ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Стратегия және жобалау қызметі басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2024 жылғы 30 сәуiрге дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Комитет әкімшілендіретін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша басқарманың жоспарланатын кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерін дайындауға және қалыптастыруға қатысу; жоғары білім беру саласындағы стратегиялық, бағдарламалық құжаттардың негізгі ережелерін әзірлеу; инновацияларды енгізу тетіктерін жетілдіру; Министрлікке ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарында инновациялық экожүйе мен мәдениетті қалыптастыру; ғылыми-инновациялық және әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жоғары оқу орындарына жобалар мен инновацияларды ілгерілету бойынша консультациялық қолдау көрсету; жобалар мен инновацияларды ілгерілету, инвестициялар тарту, жоғары оқу орындарының ғылыми қорлармен және грант беруші ұйымдармен байланыстарын үйлестіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жобалар мен инновацияларды ілгерілету үшін бизнес-қоғамдастықты тарту үшін әріптестер іздеу; Ұлттық экономика , Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері іске асыратын жобаларға инвестициялар тарту жөніндегі Министрліктің жобаларын енгізу жөніндегі мәселені пысықтау; Академиялық артықшылық орталықтарын құру есебінен өңірлік жоғары оқу орындарында зерттеу экожүйесін қалыптастыру; ЖОО-лар қызметінің бағыттары бойынша ЖОО-ларда өзгерістер офистерін және жобалық басқармалар құру; жоғары оқу орындарында бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, инновациялық кластерлерді құру және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмысты үйлестіру; ҚР ҰЭМ іске асыратын жобаларға инвестициялар тарту бойынша Министрліктің жобаларын қосу мәселесін пысықтау; басқарма мәселелері бойынша ақпараттар, есептер, анықтамалар дайындау, нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;  құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Басқарма, Комитет, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.01.2023 – 23.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61