ҚР ҒЖБМ Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификат болуы қажет.

Функционалды міндеттер

Ішкі аудит департаментінің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеуге және орындауға; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде, оның ведомстволарында және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында белгіленген тәртіп бойынша, оның ішінде аудит тобының басшысы ретінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізуге; тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға арналған Министрліктің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды, мемлекеттік аудит объектілерден алынған, оның ішінде ақпаратты жинақтауды талдауды атқаруға; тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тиісті жылға арналған Министрліктің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға; Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруға; тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен орындалуына мониторинг жасауға; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде Ішкі аудит департаменттің, берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың орындаулы жөніндегі мониторингті және бақылауды жүйелі негізде жүргізуге; мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымдық тұлғалары мемлекеттік аудит жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша акт жасауға; бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде және толық көлемде орналастыруға; алдын ала зерделеу жүргізу, материалдар жинауды жүзеге асыру, аудит жүргізу жоспарын (қажеттілігіне қарай), бағдарламасын, аудиторлық тапсырманы, аудиторлық іс-шараны жүргізуге аудиторлық тапсырманы дайындау, жеке аудит жүргізу кезінде аудит бағдарламасының орындалу барысы туралы апта сайынғы есептерді беру, мемлекеттік аудит объектісінің (болған жағдайды) қарсылықтарын қарау бойынша қорытынды дайындау, ішкі аудит нәтижелері туралы есепті және шешімінің жобасын дайындау, аудит объектілерімен шешім мен ішкі аудит нәтижелері туралы есепте көрсетілген тапсырмалар мен ұсынымдарды сапалы және уақтылы орындалуы бойынша мониторинг және бақылауды жүргізуге; аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша жүйелі талдауды жүзеге асырады, Ішкі аудит департаментінің директорына неғұрлым жүйелі және проблемалық мәселелер бойынша талдамалық ақпарат енгізуге; аудиторлық іс-шараның аяқталғаны туралы анықтаманы уақтылы дайындау және белгіленген тәртіпте Ішкі аудит департаментінің директорына бекітуге енгізуге; негізгі өлшемшарттарының негізінде тәуекелдер өлшемшарттарын әзірлеу, тәуекелдер тізілімін қалыптастыру, тәуекелдер өлшемшарттарының тиімділігін мерзімді негізде мониторинг жүргізуге; Министрге, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға Ішкі аудит департаменті директорының тапсырмасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы жылдық және тоқсандық есептерді жасауға; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрдің және Аппарат басшысының бұйрықтарымен құрылған жұмыс топтарының және әртүрлі комиссиялардың жұмысына қатысуға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2023 – 12.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61