ҚР ҒЖБ Әкімшілік департаментінің Ұйымдастыру жұмысы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Министрліктің қызметін ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, орталық аппараттың қызметін қамтамасыз ететін тауарлар мен қызметтерді жеткізуші ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, кездесулерді ұйымдастыру және өткізу, Министрлікке, ҚР ПӘ, ҚР ПМК-не бекітілген делегацияларды сүйемелдеу, Министрліктің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, материалдық құндылықтарды сатып алуды ұйымдастыру,  қызметтік автокөліктің кестесін жасау және оның қозғалысын бақылау, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, конференциялар, алқалар, форумдар өткізуге қатысу, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2023 – 12.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61