ҚР ҒЖБМ Ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы (2 бірлік), №№01, №02

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау нұсқаулығына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге рұқсат беру үшін ресімдеуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасын әзірлеу, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы жұмыстар туралы жыл сайынғы есептерді дайындау, мемлекеттік құпия жұмыстарға жіберілген тұлғаларға мемлекеттік құпияларды қорғау саласы бойынша құқықтық актілерді білуге арналған тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік құпияларын қорғау бойынша бөлімшелерге ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыда басшылық жасау, мемлекеттік құпияларды қорғау саласы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, жұмылдыру жұмысын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына ұсыныстар енгізу, Министрліктің жұмылдыру жұмысы және Азаматтық қорғаныс бойынша жоспарын әзірлеу, құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2023 – 12.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61