ҚР ҒЖБ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы рұқсат беру саясаты басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Білім беру қызметін лицензиялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге және жетілдіруге, оларды мүдделі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен келісуге, мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тіркеуге және ресми жариялауға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу және талдамалық анықтамаларды жіберу; мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу кезеңінде білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға, тексерілетін субъектінің белгіленген жұмыс режимін бұзуға жол бермеу; жүргізілген мемлекеттік бақылау шарасы нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету; аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік органдарды тану бойынша жұмыс жүргізу; танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бейіндеу бойынша жұмыс жүргізу. Білім туралы құжаттарға (түпнұсқаларға) апостиль қою жөніндегі жұмысты үйлестіру. Білім туралы құжаттарды, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін тану қағидаларын әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізу; білім беру қызметін лицензиялау саласындағы әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; "Е-лицензиялау" Мемлекеттік Деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру; лицензияны және/немесе оған қосымшаны не заңнамада белгіленген тәртіппен лицензияны және/немесе оған қосымшаны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту туралы дәлелді жауапты электрондық түрде ресімдеу және беру (қайта ресімдеу) ; кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру қызметін лицензиялауға ұсынылған заңды тұлғалардың, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың құжаттарына сараптама жүргізу; лицензияларды немесе оған қосымшаларды беру, қайта ресімдеу, беруден дәлелді бас тарту жөніндегі комитет бұйрықтарының жобаларын дайындау; бақылау құжаттарының, Комитет басшылығының, басқарманың тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті мәселелері бойынша ақпаратты, мәліметтерді жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асыру; Басқару жоспарларын әзірлеуге және оның қызметі туралы есептерді дайындауға қатысу; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комитет басшылығының қарауына талдамалық анықтамалар мен қызметтік жазбалар ұсыну; "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде ақпаратты және өзге де құжаттарды "Ашық НҚА" порталында уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету; қатысушы жобалар (бағдарламалар)шеңберінде Басқарма құзыреті шегінде жобалардың (бағдарламалардың) мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету; Басқарма қызметінің бағыты бойынша мемлекеттік тапсырмалар бойынша бюджеттік өтінімді, шартты әзірлеуге қатысу. Қызмет бағыттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.01.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.01.2023 – 18.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61