ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ғылыми жобалар және бағдарламалар басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 2023 жылғы 1 маусым аралығында)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Қосымша талаптар
Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) дәрежесінің немесе бейіні бойынша доктор болуы қажет.
Функционалды міндеттер
Жұмыс бағыты бойынша жұмысты жоспарлау, келісім-шарттар мен орындалған жұмыс актілеріне қол қою; қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау; Басқарманың құзыретіне кіретін міндеттерді тиісінше орындау үшін дербес жауапкершілікте болу; басшылықтың құжаттары мен нұсқауларын уақтылы және жедел қарауды қамтамасыз ету; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын іске асырылуын үйлестіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен iске асырылатын iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын қалыптастыру, iске асыру және аяқтау кезеңдерiнде әзiрлеу жұмыстарын ұйымдастыру; гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларына арналған конкурстар ұйымдастыру; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеуге қатысу; апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеуге және оның құрамын қалыптастыруға қатысу; ғылыми, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; көзделген құзырет шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жүзеге асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау; Ғылым комитеті төрағасының және жетекшілік ететін төраға орынбасарының тапсырмасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Департамент, Министрлік басшылығының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61