ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2023 жылғы 25 наурыз аралығында)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
180 517
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру ережелерін әзірлейді; экстернат және сырттай және онлайн-оқыту нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін айқындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; кәсіптік, өңірлік стандарттар мен Жаңа кәсіптер атласын келісу бойынша жұмысты үйлестіреді; ЖОО-да кәсіпкерлік білім беруді, стартап жобаларды және экожүйелерді дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді; ЖОО-да плагиатқа қарсы бағдарламаның жұмыс істеуі бойынша жұмысты үйлестіреді; жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария бағыттары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61