ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Бақылау және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуға; білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге; ҚР «Білім туралы» Заңының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етуге; Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарымен анықталған тапсырмалардың, сондай-ақ басқарма және Департамент басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындауға; басқарманың құзыреті шегінде ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру, реинжинирингтеу және автоматтандыру бойынша талдау және ұсыныстар әзірлеуге; Басқарма құзыреті шегінде Министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру, реинжиниринг және автоматтандыру бөлігінде орындау бойынша жұмыстарды үйлестіру және жүзеге асыруға; жоғары білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізуге; жоғары білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және әзірлеуге қатысуға; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіру, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша ҚР МҚІА тоқсан сайынғы есебін ұсынуға; орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және ішкі бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, түрлендіруге бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге; мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және түрлендіруге техникалық талаптарды әзірлеу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және түрлендіру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу процесіне қатысуға; мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындауға; өз құзыреті шегінде аналитикалық анықтамалар, жазбалар, ақпараттық материалдар дайындауға; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61