ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

 Мемлекеттік мекемелерде стандарттар мен ережелерге сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу; мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары негізінде бухгалтерлік есептегі операциялар мен оқиғаларды көрсету. Штаттық қызметкерлер мен штаттан тыс қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша жалақы, демалыс, сауықтыру жәрдемақылары, материалдық көмек, төлемдер есептеу. Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдерді, бюджетке салықтарды, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын, медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды аудару. Бөгде ұйымдардың қызметтері бойынша есепке алу, аванстық төлемдерді жабу және шот-фактура мен орындалған жұмыстар мен қызметтердің актілері негізінде өнім берушілерге қаражат аудару. Сараптамалық кеңестердің жұмысына қатысқаны және орындалған жұмыстар мен қызметтер актілері бойынша аттестаттау істерін қарағаны үшін тартылған сарапшыларға төлемдер есептеу. Сараптамалық кеңестердің жұмысы және аттестаттау істерін, бюджетке салықтарды, зейнетақы аударымдарын, медициналық сақтандыру қорына жарналарды қарағаны үшін тартылған сарапшыларға төлемдерді аудару. Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша есеп жасау. Комитет қызметкерлерінің іссапар шығыстарын есепке алу, операция жасалған күн бойынша тартылған сарапшылардың іс-шараларды өткізу жөніндегі шығыстарын есепке алу. Есепті тұлғалармен аванс және есеп айырысуларды төлеу үшін қаражатты есептеу және аудару. Іссапар шығыстары және іс-шаралар бойынша есеп беретін тұлғаларға аванстар мен есеп айырысуларды төлеу ведомосін қалыптастыру. Есеп беретін тұлғалар бойынша аванстық есептерді қалыптастыру. Бастапқы құжаттарды қабылдау, өңдеу және тиісінше ресімдеу. "Қазынашылық-Клиент" жүйесі арқылы қаржы операцияларын жүргізу. "Қазынашылық-Клиент" жүйесінде есептілікті қалыптастыру. Есеп айырысу жалақыны және есептерді қалыптастыру. Еңбекақы төлеу, бюджетке салынатын салықтар, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары, медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті өнім берушілермен есеп айырысу бойынша есеп беретін тұлғалар бойынша есепке алу. Берешекті анықтау және оларды өтеу бойынша шараларды қолдану және төлем тәртібін сақтау. № 2,3,5,6,7,8,15,18,19,28 мемориалдық ордерлерді қалыптастыру. Комитет қызметкерлері мен штаттан тыс қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару, демалыстар туралы бұйрықтарды қарау. Комитеттің штат кестесін жасауға қатысу. Бюджеттік өтінімдерді және Комитеттің қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу. Қорларға, негізгі құралдарға және материалдық емес активтерге түгендеу жүргізуге қатысу. Есепке алу бағыты бойынша қаржылық есептілікті жасауға қатысу. Жеке қаржыландыру жоспарын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу. Қызмет бағыты бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Өз құзыреті шегінде қаржылық құжаттарға, оның ішінде қаржылық ақпараттық жүйелердегі электрондық-цифрлық қолтаңбаға қол қою.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.12.2022 – 22.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61