ҚР ҒЖБМ Цифрлық және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті Цифрлық даму басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Білім (білім саласы)
- Құқық (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Жоғары білім және ғылымды ақпараттандыру стратегиясын жүзеге асыру НҚА әзірлейді және келіседі; жоғары білім және ғылымды ақпараттандыру стратегиясын жүзеге асырудың бірыңғай техникалық саясатын және талаптарын қалыптастыру; техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және келісу; ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық сипаттамаларды, бюджеттік өтінімді, жаңа бастамаларды қалыптастыру кезінде ұсыныстар жасайды. Басқарманың, Департаменттің жұмыс жоспарында көзделген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау; цифрландыру мәселелері бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс», «Білімді ұлт» іс-шарасын жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде аналитикалық анықтамалар, жазбалар, ақпараттық материалдар дайындау; Министрліктің стратегиялық құжаттырнда, онің ішінде Департамент құзыреті шегінде жалпыұлттық жоспарда көзделген айлық және тоқсандық жұмыстарды қабылдау үшін негіз болатын есптер мен басқа да құжаттарды дайындау; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-61