ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің Үйлестіру және мониторинг басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруға;  негізгі міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуг; Басқарма жұмысын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіпті бақылауға; Басқарма жұмысын талдау, кадрларды пайдалану тиімділігін және кәсібилігін арттыру, оңтайландыру бойынша шаралар әзірлеуге; ғылымның, тіл саясатының және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы ақпараттық-талдамалық және статистикалық материалдарды дайындауға қатысуға; Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттың мониторингі мен үйлестірілуін, дайындалуын және белгіленген мерзімде енгізілуін қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен жалпыұлттық жоспарлары, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы саланы/саланы дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі ұлттық жоба мен жоспар-кесте, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспары, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарды орындауға; Департаменттің құзыретіне жатқызылған ғылымның, тіл саясатының және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің әлеуметтік-экономикалық дамуын дамыту бойынша талдамалық материалдар дайындауды қамтамасыз етуге; Министрдің ел халқы алдындағы есебіне қажетті материалдармен қамтамасыз етуге; Министрлік алқасының отырыстары, ҚР Үкіметінің отырыстары мен селекторлық кеңестері, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігіндегі кеңестер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыстары және ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және тіл саясаты бағыттары бойынша Министрлік басшылығының ақпараттық материалдарын, баяндамалары мен сөз сөйлеулерін дайындауды қамтамасыз етуге; басқарушылық шешімдер қабылдау үшін негізгі көрсеткіштер бойынша бастапқы деректер негізінде нәтижелерге талдау жүргізуге; Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманы дайындау және басып шығару жөнінде Бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қатысу және бюджетті игеру жөнінде материалдарды уақтылы ұсынуға; Департаменттің және Министрліктің бөлімшелерімен, аумақтық білім беру органдарымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, халықаралық ұйымдармен, ведомстволық бағынысты, үкіметтік емес ұйымдармен белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асыруға; басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің сақталуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асыруға; ағымдағы нысаналы трансферттер мен жалпы сипаттағы трансферттерді қоспағанда, үш жылдық кезеңге, сондай-ақ тиісті қаржы жылына жетекшілік ететін мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, жоспарлау және дайындау үшін бюджеттік жоспарлауға жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшесіне контент ұсынуға; Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшесіне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына іс-шараларды енгізуге өтінім жіберуге; жетекшілік ететін мәселелер бойынша бекітілген/нақтыланған республикалық бюджет негізінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін әзірлеуге; жеткізушілер мен орындаушылардың жетекшілік ететін мәселелер бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыруға; шарттық міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі анықталған жағдайда, 5 жұмыс күнінен кешіктірмей заң қызметіне талап-арыз жұмысын одан әрі ұйымдастыру үшін материалдар ұсынуға; орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) көлемін мазмұнның техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін келісуге міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.11.2022 – 07.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-61