«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасы |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобада мыналар ұсынылады: - шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан (ЖЖОКБҰ) ауысуға немесе қайта қабылдануға ниет білдірген тұлғаларға қатысты нормаларды енгізу; - жаңа білім беру бағдарламаларын ҰБТ бейіндік пәндері көрсетілген Тізбеге (1-қосымша) және қысқартылған оқу мерзімі бойынша түсетіндерге арналған білім беру бағдарламаларының Тізбесіне (2-қосымша) енгізу: Лингвистика, Әдебиеттану, Шетел филологиясы, Аймақтану, Геоботаника, Қоршаған ортаны қорғау технологиясы, Сән және тоқыма өнеркәсібі, Мұнай-газ ісі, Сән және тоқыма өнеркәсібі, Материалдарды қысыммен өңдеу, Агроинженерия; - «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасының бейіндік пәнін өзгерту («Физика» орнына «Биология»), аталған норма 2028-2029 оқу жылынан бастап күшіне енеді. - «Менеджмент және басқару» білім беру бағдарламасының атауын «Менеджмент және мемлекеттік басқару» деп өзгерту. Сонымен қатар, бұйрық жобасында: - шетелдік білім беру ұйымы – College Board тарапынан бұдан былай өткізілмейтін SAT Subject Test тестіне қатысты нормаларды қолданыстағы жағдайға сәйкес келтіру; - халықаралық деңгейде танылған Advanced Placement (AP) емтиханының нәтижелерін Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) балдарына конвертациялау тәртібіне қатысты нормаларды енгізу көзделеді. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Талап етілмейді |
Құру күні: 26/11/2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 11/12/2026