«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 9) тармақшасы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасы

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Бұйрық жобасымен шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына күнтізбелік жыл ішінде «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының порталы арқылы онлайн немесе офлайн форматта қабылдауды қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер енгізу көзделеді.

Қабылданған шаралар талапкерлер шыққан елдердің академиялық күнтізбелеріндегі айырмашылықтарды ескере отырып, шетел азаматтарын икемді қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Аталған тетікті енгізу Қазақстанның халықаралық білім беру нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және білім беру қызметтері экспортының жүйелі түрде өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Талап етілмейді


Құру күні: 26/11/2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 11/12/2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15949600