«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
|
1 |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы |
|
2 |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
|
3 |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 14) тармақшасына сәйкес. |
|
4 |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Бұйрық жобасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын өзектендіру, оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің қазіргі заманғы қажеттіліктеріне, білім беруді сыныптаудың халықаралық тәсілдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Бұйрық жобасында кадрларды даярлаудың жекелеген бағыттарын өзектендіру және нақтылау, жаңа даярлау бағыттарын енгізу, жекелеген даярлау бағыттарының атауларын өзгерту, даярлау бағыттарының кодтарын өзектендіру, сондай-ақ Сыныптауыштың ескертпесін жаңа редакцияда жазу көзделеді. Жобаны қабылдау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышының өзектілігін қамтамасыз етуге, оның білім беру жүйесінің қазіргі заманғы талаптарына, еңбек нарығының қажеттіліктеріне және Ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкестігін арттыруға, сондай-ақ кадрлар даярлау жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру. |
|
6 |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Талап етілмейді |
Құру күні: 26/11/2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 11/12/2026