«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасымен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 9-1-бабының 7-тармағына Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 12 маусымдағы №309-VIIІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген өзгерістерге сәйкестендіру мақсатында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына толықтырулар енгізу көзделген, оған сәйкес шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарынының қызметіне қатысты, сондай-ақ аккредиттеу органын Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының тану қажеттілігі туралы норма енгізіледі.
Толықтырулар енгізуге Қазақстан Республикасында шетелдік ЖЖОКБҰ-ның филиалдары мен шетелдік оқу орындарын аккредиттеу жөніндегі норманы енгізу қажеттілігі негіз болып табылады.