«Қазақстан Республикасының аумағында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелдік оқу орындарын Қазақстан Республикасында тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және шетелдік оқу орындарын Қазақстан Республикасында тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 112-р өкімі негізінде әзірленді.

Жобаны қабылдау шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындарының қызметін құқықтық реттеуді жетілдіруге, оларды Қазақстан Республикасының аумағында танудың ашық әрі бірыңғай тетігін қамтамасыз етуге, жоғары білім беру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15875840