«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен келесі өзгеріс жоспарланып отыр: Бұйрық жобасымен мынадай өзгеріс енгізу жоспарлануда: болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарының, конституциялық-құқықтық мәдениетінің, құқықтық сауаттылығының, азаматтық жауапкершілігінің қалыптасуы, азаматтардың конституциялық қағидаттарын, құқықтары мен міндеттерін түсінуі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруі, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі коммуникация бағдарламаларын құруы, салауатты өмір салтын ұстануға, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағдарлануы негізінде оның тұлғалық әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін жалпы құзыреттер жүйесі. Сонымен қатар, қабылданған ҚР Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру («ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сөздері «цифрлық технологиялар» сөздерімен алмастырылады).
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 10.07.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 27.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15864222