«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 33-1-Н нұсқамасының 1-тармағының 10) тармақшасын орындау үшін |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық Жобасымен мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға бөлінген қаражатты есепке алу және жұмсау үшін жеткізушінің екінші деңгейдегі банктерде жеке банктік шотты міндетті түрде ашуын көздейтін төлем жүзеге асыру шарттарын белгілеу ұсынылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 33-1-Н нұсқамасының 1-тармағының 10) тармақшасын орындау мақсатында |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Аталған нормаларды қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды. |
Құру күні: 30.06.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.07.2026
Қызмет бағыты