«Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 472 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрық жобасы Қағидаларды Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қағидалардың терминологиясын өзектендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде электрондық өзара іс-қимыл тәртібін нақтылау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ҰМҒТСО АЖ арқылы ұсыну тәртібін дұрыс бекіту, сондай-ақ Қағидалар ережелерінің цифрландыру саласындағы ҚР заңнамасымен келісілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бірыңғай және дұрыс терминдерді қолдану, құжаттарды тапсыру және мемлекеттік қызмет нәтижесін электрондық нысанда алу тәртібін бірмәнді емес түсіндіруді болдырмау. Қызметті алушылар үшін бұл ҰМҒТСО АЖ арқылы жүгінудің неғұрлым түсінікті тәртібін және Қағидалардың рәсімдік ережелерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз етеді.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар жоқ. Бұйрық жобасын қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету кезінде терминологияның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етуге, электрондық өзара іс-қимыл тәртібін нақтылауға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

 

Құру күні: 25.06.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 13.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15854589