«Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес келтіру мақсатында 
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жоба бойынша «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес келтіру мақсатында «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 бұйрығына бүкіл мәтін бойынша «электрондық үкіметтің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың», «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйесінде»,  Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттандыру», «электрондық», «электрондық үкімет» шлюзі», «электрондық нысанда» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкіметтің», «цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық жүйе», «цифрлық технологиялардың», «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйесінде», «Цифрлық инфрақұрылымға», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйелерден», «цифрландыру», «цифрлық»,  «цифрлық үкімет» шлюзі», «цифрлық нысанда» деген сөздермен ауыстыру ұсынылады.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жоба «Ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 162 бұйрығын Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер» Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.

 

Құру күні: 23.06.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 09.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15857777