«Шетелге, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Шетелге, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және № 256-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. 
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Жобада преамбула мәтіні және Ережелердің тармақтары Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес келтіріледі. Атап айтқанда, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының атауы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» деп өзгертілуіне байланысты тиісті түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар, Ережелердегі ұғымдық аппарат цифрландыру стандарттарына сәйкес өзектендіріледі. Мәтін бойынша «электрондық үкімет», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелермен» және «ақпараттандыру» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелермен» және «цифрландыру» деген сөздермен ауыстырылады.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жоба бұйрығының мақсаты — шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқыту қағидаларын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келтіру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңның жаңа атауын ретке келтіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 19.06.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15855924