««Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | ««Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне сәйкестендіру мақсатында әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Жобада Қағидалардың атауы мен тармақтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіріледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануына байланысты тиісті түзетулер енгізіледі. Сонымен қатар құқықтық айқынсыздықты болдырмау және Қағидалар ережелерінің бірыңғай түсіндірілуін қамтамасыз ету мақсатында ұғымдық аппаратты «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің шетелдік ұйымының филиалы» және «стратегиялық әріптестік» терминдерімен толықтыру ұсынылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасының мақсаты халықаралық және шетелдік оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы қызметі және (немесе) олардың филиалдары мен олардың ынтымақтастық нысандары жөніндегі Қағидаларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және (немесе) олардың филиалдарының қызметі саласындағы Қағидалардың жаңа атауына сәйкестендіру болып табылады.Сонымен қатар, құқықтық белгісіздікті жою және Қағидалардың ережелерін бірыңғай түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында ұғымдық аппаратты «шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының филиалы» және «стратегиялық серіктестік» терминдерімен толықтыру ұсынылады. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 19.06.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 07.07.2026