«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Жоба Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 наурыздағы Конституцияға, сондай-ақ «Ғылым, ғылымға негізделген аумақтар, әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Мерзімі бес жылға дейін міндетті жұмыспен өтеу мерзімі ұлғайту авиакәсіпорындарына жоғары білікті мамандардың тұрақты ағынын қамтамасыз етуге, кадр тапшылығының қаупін азайтуға, түлектердің кәсіби дамуы үшін жағдай жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Мақсаты – авиациялық кәсіпорындарды жоғары білікті мамандармен тұрақты түрде қамтамасыз ету 
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 17.06.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02.07.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15852882