«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бірлескен бұйрық жобасын жасаудың негізі – мүдделі органдардың, ЖЖОКБҰ-лардың жұмыс кеңестері барысында қарастырылған ұсыныстары болып табылады. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бірлескен бұйрық жобасында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштерін қысқарту және тексеру парақтарын қолданыстағы НҚА талаптарына сәйкестендіру қарастырылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының көрсеткіштерін жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келтіру |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Бірлескен бұйрық жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. |
Құру күні: 12.03.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 27.03.2026
Қызмет бағыты