«2026 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «2026 жылы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері мен ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2026 жылғы «05» наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15779618) орналастырылған. Жобаны жария талқылау 2026 жылғы «20» наурызға дейін өткізіледі.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.