«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 176 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 176 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба 2024-2026 жылдарға арналған барлық мамандықтар бойынша оқыту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін өзектендіру, сондай-ақ 3-тармаққа сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздары оқыту, тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген.

Жоба 2026 жылғы «05» наурызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15769131) орналастырылған. Жобаны жария талқылау 2026 жылғы «20» наурызға дейін өткізіледі.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.