«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Ғылыми зерттеудің мақсаттарына тікелей байланысы жоқ техниканы сатып алу мүмкіндігін болдырмайтын тәртіпті анықтау, жеке серіктесті анықтауға және іріктеу критерийлеріне қатысты бірыңғай талаптарды белгілеу, мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары оған қол қойылғанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайтындығы туралы ережелерді бекіту, мемлекеттік тапсырысты орындаушы бөлінген қаражатты пайдалану туралы егжей-тегжейлі есептерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып ұсыну жөніндегі міндетті енгізу және т.б.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары орындау
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді

 

Құру күні: 27.02.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.03.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15768069