«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасын даярлады.

Бұйрық жобасы тұжырымдамалық аппаратты кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, аккредиттеу органының өз қызметінің ашықтығы және объективтілігі үшін тиісті мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі, көрсетілген қызметінің сапасына, соның ішінде аккредиттелетін оқу орнымен үлестестік үшін жауапкершілігін нақтылау жөніндегі талаптарды көздейді.

Сондай-ақ бұйрық жобасы «Денсаулық сақтау» кадрларды даярлау бағыты бойынша аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды нақтылауды көздейді.

Бұл өзгерістер аккредиттеу органдарын тану, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі мен мерзімдерін ұзарту рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Құру күні: 18.02.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 05.03.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15765795