«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Бұйрық жобасы 2026 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Цифрлық Кодексін іске асыру мақсатында әзірленген.
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу көзделген, атап айтқанда, мәтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттандыру және байланыс», «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық үкімет» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрландыру және байланыс», «киберқауіпсіздік», «цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық ресурстар», «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметтерін жетілдіру, сапасын арттыру және заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді.

 

Құру күні: 09.02.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24.02.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15753495