«Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы №256-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы редакциялық сипаттағы өзгерістерді көздейді, атап айтқанда, мәтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сөздері «цифрлык технологиялар» сөздерімен ауыстырылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Бұйрық жобасы терминологияны қолданыстағы заңнамалық базаға сәйкестендіруге бағытталған. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге теріс әсер етпейді. |
Құру күні: 09.02.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24.02.2026
Қызмет бағыты