Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 256-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын дайындады.
Заң бойынша бір қатар ұғымдарда «ақпараттық» деген сөзі «цифрлық» деген сөзіне ауысқан (Заңның 61-тармағы). Заңға сәйкестендіру үшін келесі нормативтік құқықтық актілеріне редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі:
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығы);
– «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығы).
НҚА сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15758672