«Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.

Жоба «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жоба 2026 жылғы «06» ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15752166) орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2026 жылғы «23» ақпан.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.