«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы Заңына cәйкестендіру және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінде ғылымды дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша берілген нұсқамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша көрсеткіштерді кейіннен төмендету мүмкіндігіне шектеулер енгізілді; Ұлттық ғылыми кеңестер құрамыны мүшесіне үміткерлер туралы мәліметтерді ұсынудың бірыңғай нысаны белгіленді; Ұлттық ғылыми кеңестің материалдарды қарау мерзімі қысқартылды.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы Заңына cәйкестендіру және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінде ғылымды дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша берілген нұсқамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді

 

Құру күні: 06.02.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 23.02.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15753975