«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | Мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидаларын бекіту туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары және (немесе) жоғары оқудан кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №592 бұйрықтың қолданыстағы нұсқасын алмастыратын жаңа редакциядағы бұйрық жобасы ұсынылады. Осы жобада ғылыми қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында еңбекақы жүйесіне төмендегі жаңалықтар енгізілді: 1. Гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруға тартылған ғылыми қызметкерлердің лауазымдық айлығын есептеу үшін коэффициенттер түзетілді: қаржыландыру түрі бойынша коэффициенттер ұлғайтылды – гранттық қаржыландыру үшін 2,0-дан 2,5-ке, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру үшін – 2,15-тен 2,65-ке дейін ұлғайтылды, осылайша лауазымдық айлық 25%-ға артты. Тиісінше, ғылыми дәрежесіне, атағына және жетістіктері үшін қосымша төлемдерді ескермей, жұмыс тәжірибі жоқ кіші ғылыми қызметкердің жалақысы 432,2 мың теңге, ал БНҚ бағдарламасы бойынша ғылыми жобаның жетекшісі, басты ғылыми қызметкер, 25 жылдан астам тәжірибесі бар профессордың жалақысы – 1 396,9 мың теңге болады; 2. Ғылыми қызметкердің ғылыми жетістіктері үшін жаңа түрдегі қосымша төлем енгізілді, ол ғылымгердің жетістіктерінің белгіленген шкаласы бойынша ұпайлар сомасына байланысты 47,5 мыңнан 522,5 мың теңгеге дейін құрайды, бес параметр бойынша: - соңғы 5 жылда жарияланған мақалалар, монографиялар, қорғау құжаттары; - соңғы 5 жылда Еуропалық кредиттерді және академиялық ұпайларды беру жүйесі бойынша кемінде 3 кредит көлеміндегі бір немесе бірнеше пән оқыту; - соңғы 5 жылда Республикалық деңгейде философия докторы (PhD) немесе доктор ғылыми дәрежесі берілген кадрларды даярлау; - соңғы 5 жылда өндіріске енгізілген ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 30 шілдедегі №16-2-H ұйғарымдары орындау |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) басқа да салдарларға әкелмейді |
Құру күні: 30.01.2026
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.02.2026
Қызмет бағыты