«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен келесі өзгеріс жоспарланып отыр:20-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылады:Педагогикалық даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары аутизм спектрі бұзылыстары бар және өзге де ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған пәндерді (модульдерді) қамтиды.
Сонымен қатар, қабылданған ҚР Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру («ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сөздері «цифрлық технологиялар» сөздерімен алмастырылады).
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Жобаның мақсаты – нормативтік құқықтық акті нормаларын жетілдіру.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 30.01.2026

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 16.02.2026

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15752310