Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1 НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 
2 Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
3 НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы
4 НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы Бұйрық жобасымен ЖЖОҚБҰ-ларды саралау тетіктері негізінде оларға философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру, индустриалды PhD докторанттар диссертацияларына талаптар, уәкілетті органда ғылыми атаққа ұсынылған аттестациялық істерді қарау тетігіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бұйрық жобасы редакциялық және нақтылау сипатындағы нормаларды көздейді.
5 Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістермен толықтырулар енгізу. Бұйрықтын қабылдау мерзімі – 2026 жылғы ақпан.
6 НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар Талап етілмейді

 

Құру күні: 12.12.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 30.12.2025

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15717285