«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 370/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 19 мамырдағы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өнеркәсіптік сертификат алу жөніндегі талап алынып тасталды. Өнеркәсіптік сертификат салалардағы отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын құжат ретінде жойылды. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағының үшінші бөлігіне, 25-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес келтіру. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Бұйрық жобасы Қағидаларды Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесіне сәйкес келтіру 2020 жылғы бұрынғы бұйрыққа сәйкес келу үшін өзгертулер енгізу: * ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жаңа нормаларына; * мемлекеттік органдар арасында функцияларды қайта бөлгеннен кейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (ҒЖБМ) жаңа өкілеттіктеріне. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
Құру күні: 27.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 12.12.2025