«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасы |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Бұйрық жобасымен келесі өзгертулерді енгізу жоспарлануда: 1) Түсушілерге тестілеу нәтижелерімен және тестілеу нәтижелерін талдау картасымен танысу үшін 10 минут уақыт беріледі. Әрі қарай компьютер экранында «апелляцияға өту» және «апелляциясыз аяқтау» функциялары көрінеді. Егер түсуші берілген екі функцияның бірін де таңдамаса, тестілеу бағдарламасы 10 минуттан кейін автоматты түрде жабылады. 2) Түсушіге осы Қағидаларда белгіленген өтініштерді қабылдау кезеңінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш бермеген жағдайда тестілеу кезеңі басталға дейін, сондай-ақ ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және ҰБТ-ға өтініштер қабылдау мерзімімен немесе тестілеу күнімен сәйкес келетін төмендегі дәлелді себептер болған жағдайда ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі: 3) «В060 - Химиялық инженерия және процестер» ББТ бойынша бейіндік пәні «химия, физика – химия биология» пәніне ауысты (негіздеме: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі отырысының 2025 жылғы 13 ақпандағы хаттамасының негізінде). Сондай-ақ, бұйрықтың жобасында қазақ тілінде редакциялық түзетулер енгізілді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу. 2025 жылғы желтоқсан. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 28.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 15.12.2025