«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қаулы жобасы 2025жылғы 13 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысындағы № 58 өкіміне және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 8-баптарына сәйкес әзірленді |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қою «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 8-баптарына сәйкес әзірленді. Келісім жасасудың мақсаты ғылыми атақтар туралы құжаттардың сәйкестігін тану арқылы еңбек көші-қоны саласындағы алып қоюлар мен шектеулерді жою болып табылады, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының кәсіби қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығыстарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Келісім Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | 2025 жылғы желтоқсанда Келісімге Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында қол қою жоспарлануда |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Талап етілмейді |
Құру күні: 26.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 01.12.2025