«Ұлттық инновациялық жүйенің дамуын мониторингтеуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Ұлттық инновациялық жүйенің дамуын мониторингтеуді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-11-бабының 1-тармағына сәйкес бұл бұйрық жобасы әзірленді. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Инновациялық қызметтің барлық қатысушыларының инновациялық қызметін ұйымдастыру, жүргізу және тиімділігін бағалау тәртібін Ереже белгілейді. Құжат мониторингтің мақсаттары мен міндеттерін, соның ішінде тенденцияларды анықтау, стратегиялық жоспарлау үшін деректер базасын қалыптастыру және мемлекеттік инновациялық саясатты жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындауды белгілейді. Мониторинг ҒЖБМ және ғылыми, білім беру және жеке ұйымдардың қатысуымен инновациялық индикаторлар жүйесі және тиімділікті бағалау әдістемелері негізінде жүзеге асырылады. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Ғылым, технология және инновациялар саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау үшін сенімді және жаңартылған ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. |
Құру күні: 17.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02.12.2025
Қызмет бағыты