«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің конкурстық негізде венчурлық қорларды бірлесіп қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің конкурстық негізде венчурлық қорларды бірлесіп қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ережесінің» 177-тармағының 56) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ЗРК Кәсіпкерлік кодексінің 241-8-бабының 1-тармағына сәйкес. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Ережелер мемлекет пен жеке инвесторлардың қатысуымен венчурлық қорларды конкурстық тең қаржыландыру тәртібі мен шарттарын белгілейді, инновацияларға жеке капиталды тарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында венчурлық экожүйені дамытуға бағытталған. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Қазақстанның венчурлік экожүйесін дамыту, инновацияларға және ҒЗТҚО нәтижелерін коммерцияландыруға жеке инвестицияларды тарту, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру. Орта мерзімді перспективада мемлекеттік қатысуымен жаңа венчурлік қорлар құрылатыны, технологиялық стартаптарға инвестициялар көлемі артатыны және ұлттық инновациялық жүйенің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайтыны күтілуде. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге теріс салдарға әкелмейді, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді. |
Құру күні: 17.11.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02.12.2025
Қызмет бағыты