Қоғамдық талқылау өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Қоғамдық талқылау өткізу туралы баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің әсерін талдау қорытындылары бойынша қоғамдық талқылау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 3 қазан күні жаңа реттеу саясатын іске асыру аясында жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің әсерін талдау қорытындылары бойынша қоғамдық талқылау өткізеді.

Бұл шара білім беру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Бұған дейін, 2022 жылы, білім беру саласындағы реттеушілік актілерді қайта қарау жөніндегі алғашқы жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта Министрліктің бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Министрлік, «Атамекен» ҰКП, ҚР ЖОО қауымдастығы, Академиялық адалдық лигасы, жоғары оқу орындарының және тәуелсіз сарапшылардың өкілдері кірді.

Жұмыс тобының жұмысы барысында 67 нормативтік құқықтық акті талданды, оның ішінде 20-сы жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласына, 38-і денсаулық сақтау саласына және 9-ы өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына жатады.

Қайта қарау қорытындысы бойынша, сәйкес емес деп танылған талаптарға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, заңнамалық актілерді қайта қарау мерзімі – кемінде 3 жылда бір рет, ал басқа нормативтік құқықтық актілерді – кемінде 2 жылда бір рет (қабылдау күнінен немесе алдыңғы процедура аяқталу күнінен бастап) болуы тиіс.

Министрлік нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қайта қараудың маңыздылығын атап өтеді.