«Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы
| 1 | НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) | «Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы |
| 2 | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі |
| 3 | НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) | Бұйрықтың жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін әзірленді, онда: «Үкімет жоғары білім беруді интернационалдандыруды жүзеге асыруда – елге 23 белгілі шетелдік жоғары оқу орны тартылды.Олардың қызметіне, оның ішінде мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты кезең-кезеңімен кеңейту арқылы барынша жәрдем көрсету қажет.» деп атап өтілген. |
| 4 | НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы | Бұйрық жобасы «Cardiff Univercity Kazakhstan» шетелдік оқу орны» ЖШС үшін, сондай-ақ «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының базасындағы Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің филиалы үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін айқындау. |
| 5 | Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері | Білім беру грантының құнын айқындау бөлігінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу. Бұйрықты қабылдау шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейтуге, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңғыртуға ықпал ететін болады.Күтілетін нәтижелер мерзімі-2025-2026 оқу жылының басы. |
| 6 | НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар | Осы нормаларды қабылдау Қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дарынды қазақстандық жастардың шетелге оқуға кетуін төмендетуге ықпал етеді және жетекші шетелдік жоғары оқу орындары деңгейінде түлектерді сапалы даярлауды қамтамасыз етеді. |
Құру күні: 18.09.2025
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 03.10.2025