«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Бұйрық жобасында келесі өзгерістер енгізу қарастырылуда:

1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50, 65 тармақтар бойынша редакциялық түзетулер, 30 және 35-тармақтарға Жасанды интелект талаптарын қосу көзделеді.

31-тармақта білім гранты бойынша оқитын студенттің академиялық қарызы болған жағдайда басқа жэоғары оқу орнына ауыстырылмайды.

40-тармаққа оқу жетістіктерімен қатар студенттің әлеуметтік, ғылыми, волонтерлік, спорттық және мәдени қызметке қатысуын да ескеретін әділ әрі объективті бағалау жүйесін құру қарастырылады.

55-тармаққа жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысына қатысты нормалар енгізіледі.  

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бұйрық жобасының мақсаты – cтуденттің қоғамдық өміріне және волонтерлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа балл енгізу. Студенттердің академиялық жетістіктерінен басқа әлеуметтік белсенділік, зерттеу дағдылары, өңірлік, республикалық деңгейдегі еріктілер қозғалысына қатысу ескеріледі.

6

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Талап етілмейді

 

Құру күні: 12.09.2025

Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 29.09.2025

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15595187