«Қазақстан Республикасының Үкіметі және Түркия Республикасының Үкіметі арасында Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы имплементациялық хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі және Түркия Республикасының Үкіметі арасында Ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы имплементациялық хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жоба 2025 жылғы 12 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15594729 орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.