«Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №605 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 605 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба 2025 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15536649 .