Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев түркі әлемінің бірыңғай білім кеңістігін қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде дипломдарды өзара тану, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу тетіктерін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді дамыту және зерттеу қызметін қаржыландырудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
«Бүгінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткіздік. Дегенмен жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты, студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын одан әрі дамыту қажет. Бұл ортақ тарихи тамырымыз бен бай мәдени мұрамызға негізделген ортақ бірегейлікті қалыптастыру үшін аса маңызды», – деп атап өтті Эмин Амруллаев.
Министр сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді. Ол екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы белсенді өзара іс-қимылды, бірлескен жобалардың жүзеге асырылып жатқанын және академиялық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін білім көрмелерінің тұрақты ұйымдастырылатынын атап өтті.