Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Жарияланған күні: 09 маусым 2026
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жастардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау және олардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттердің стратегиялық басымдықтарының қатарында. Осы тұрғыда елдер арасындағы тәжірибе алмасу жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға және кадрлар даярлау деңгейін жетілдіруге елеулі ықпал етеді.

Сондай-ақ ол Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту ортақ білім беру кеңістігін қалыптастыруға және жастардың академиялық ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.